Saeco HD8888/19 User Manual Page 19

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 73
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 18
Қақ түсіру процедурасы
Ескерту: Қақ түсіру немесе шаю циклін ESC түймесін басумен уақытша
тоқтатуға болады. Дисплейде келесі белгіше көрсетіледі. Қақ түсіру немесе
шаю циклін жалғастыру үшін OK түймесін басыңыз.
1 Тамшы науасын алып босатыңыз. Тамшы науасын құрылғыға қайта
сырғытып кіргізіңіз.
Ескерту: Су ыдысынан AquaClean су сүзгісін алыңыз (қажет болғанда).
2 Бу түтікшесінен автоматты сүт көпірткішті алып тастаңыз.
3 OK түймесін басыңыз.
4 Дисплейде құрылғының қақ тазалау цикліне өткенін білдіретін келесі
белгіше көрсетіледі. Егер қақ тазалау циклінен шығу керек болса, ESC
түймесін басыңыз.
5 Saeco қақ тазалау ерітіндісінің толық бөтелкесін (250 мл) су ыдысына
құйыңыз.
6 Су ыдысына қақ түсіру ерітіндісін CALC CLEAN (Қақ тазалау) көрсеткішіне
дейін қосыңыз.
7 Бу түтікшесі және тамызу шүмегі астына үлкен ыдысты (1,5 л) қойыңыз.
8 Қақ түсіру циклін бастау үшін OK түймесін басыңыз.
Ескерту: Құрылғы қақ тазалау ерітіндісін бу түтікшесі және тамызу шүмегі
арқылы жүйелі аралықтарда толығымен тамызады (бұл шамамен 25
минут уақыт алады).
9 Қақ түсіру ерітіндісінің тамызылуын күтіңіз. Ыдысты алып босатыңыз.
10 Тамшы науасын алып босатыңыз. Тамшы науасын құрылғыға қайта
сырғытып кіргізіңіз.
11 Су ыдысын шайып, таза сумен CALC CLEAN (Қақтан тазалау) деңгейіне
дейін толтырыңыз. Су ыдысын құрылғыға қайта сырғытып кіргізіңіз.
12 Бу түтікшесі және тамызу шүмегі астына ыдысты кері қойыңыз.
13 Шаю циклін бастау үшін OK түймесін басыңыз (бұл шамамен 4 минут
уақыт алады).
CALC
CLEAN
-
Дисплейде шаю циклі аяқталғанын білдіретін келесі белгіше көрсетіледі.
14 Таңба белгішесі дисплейде көрсетіледі.
15 Су ыдысын шайып, таза сумен MAX (Макс) деңгейіне дейін толтырыңыз.
Су ыдысын құрылғыға қайта сырғытып кіргізіңіз.
16 Қақ тазалау циклін аяқтау үшін OK түймесін басыңыз.
17 Бу түтікшесі және тамызу шүмегі астына ыдысты қойыңыз.
18 Дисплейде құрылғы қызғанын білдіретін келесі белгіше көрсетіледі.
-
Құрылғы автоматты шаю циклін орындайды.
19 Ыдысты алыңыз. Тамшы науасын алып босатыңыз. Тамшы науасын
құрылғыға қайта сырғытып кіргізіңіз.
20 AquaClean сүзгісін су ыдысына кері салыңыз. Автоматты сүт көпірткішті
қайта салыңыз.
21 Қайнату құралын алып шайыңыз, "Тазалау және техникалық қызмет
көрсету" тарауы, "Қайнату құралын тазалау" бөлімін көріңіз.
Енді құрылғы қолдануға дайын.
19
Қазақша
Page view 18
1 2 ... 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 ... 72 73

Comments to this Manuals

No comments